Өскеменде бір келіден астам психотроптық затпен екі күдікті ұсталды

фото: gov.kz

Өскеменде 1 келіден астам психотроптық затпен екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Полиция мәліметінше, күдіктілердің бірі интернеттен жұмыс тауып, тыйым салынған заттарды алып, өлшеп, буып-түюмен айналысқан. Ол атқарған жұмысы үшін криптовалюта түрінде ақы алып, кейін ақшаны банк шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Тінту кезінде төрт пластик ыдыс, ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет, изолента және үш электронды таразы тәркіленді.

Сараптама нәтижесінде шамамен 800 грамм α-PVP және 334 грамм мефедрон анықталды. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келіден асқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыз: