Дмитрий Песков: Тоқаев - өте мықты саяси тұлға 

Фото: Ақорда

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өте мықты саяси тұлға деп атады, деп хабарлайды «24KZ».

Кремльдің ресми өкілі бұл туралы журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында айтты.

Песков Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путин туралы айтқан сөзіне пікір білдірді.

«Президент Тоқаев – өте мықты саяси тұлға, оның саяси ресурсы да өте ауқымды. Болашақты бағамдай алатын саяси көрегендігі, ұстанымы берік және жүйелілігі бар адамдар ғана мұндай пікірді айта алады. Басқалары олай айта алмайды», — деп атап өтті Песков.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: