Ақмола облысында жол салуда 406 заңбұзушылық анықталды

Ақмола облысында жол салу кезінде 400-ге жуық ақау мен 50-ден астам заңбұзушылық анықталды. Кемшіліктер құрылыс сапасына жүргізілген тексеру барысында белгілі болды, деп хабарлайды 24KZ.

Мердігер компанияларға олқылықты өз қаражаты есебінен түзету міндеттелді. Нәтижесінде сапасыз салынған жолдарды қайта жасауға құрылысшылар 400 млн теңгеге жуық қаржы жұмсады. Биыл өңірде 600 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 72 млрд теңге бөлінді.

Талғат Жүсіпов, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы филиалының директоры:

– Біздің мамандар жыл басынан бері жолда 587 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 400-ден астам заңбұзушылық анықталды. Қазір соның 91-і жойылып, қалыпқа келтірілді. Қалған учаскескедігі құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ жол-құрылыс материалдарынан мың жарымға жуық сынама алынды. Соның 273-і белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмеді.

Сондай-ақ оқыңыз: