Маңғыстау облысында «Ыбықты сай» табиғи ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды

кадр бейнежазбадан

Маңғыстау облысында «Ыбықты сай» табиғи нысанының аумағында вандализм дерегін жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, вандализм дерегі әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында анықталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық тергеу басталды. Күдікті 34 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу жалғасуда, – деп хабарлады ведомстводан.

Полиция өкілдері табиғи нысандарды бүлдіру мен вандализм әрекеттеріне жол берілмейтінін қатаң ескертті. Әрбір осындай жағдайға құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес, вандализм үшін 100-ден 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз: