ШҚО-да асфальтқа әдепсіз сурет салған 19 жастағы жігіт жазаланды

Фото: polisia.kz

Шемонаиха ауданының Рассыпное ауылында жас жігіт асфальтқа граффити салғаны үшін жазаланды,  деп хабарлайды «24KZ». 

Құқық бұзушылықты Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің мобильді тобы профилактикалық жұмыс барысында анықтады. Құқық бұзушының жеке басы анықталып, оның 19 жастағы жас жігіт екені белгілі болды. 

Сотта анықталғандай, ол қара түсті аэрозоль бояумен әдепсіз сипаттағы сурет пен жазу салып, қоғамдық орынның көркін бұзған. Жас жігіт сотта өз кінәсін мойындап, болған жағдайға өкінетінін білдірді. 

Сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл тағайындалды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз