Он бір өңірде жылу беріле бастады
Елде жылыту маусымы жоспарға сай басталды.
Қазір 11 өңірде жылу беріле бастады. Үкімет басшысы әкімдерге жылыту кезеңінің өту барысын бақылауға алуды жүктеді. Бұдан бөлек көмір бағасын бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеуді міндеттеді. Ал оңтүстік пен батыс өңірлерді жылу беру жүйесіне қосу жұмыстары күн райын ескере отырып, қазанның аяғына дейін жүргізіледі.