65 мыңға жуық қазақстандық тұрғын үй кезегінен шығарылды

Елде 65 мың адам тұрғын үй кезегінен шығарылды.

Оған себеп – азаматтың атында баспанасының болуы, отбасы мүшелерінің бірінде жылжымайтын мүлік анықталуы және шетелге қоныс аударуы. 14 қыркүйектен бері Отбасы банк баспана кезегінде тұрғандардың заңнама талаптарына сай екендігін тыңғылықты тексеріп жатыр. Жаппай түгендеу жүргізу үшін заңнамаға тиісті түзету енгізілді. Қазір ел бойынша 988 мың адам баспанаға мұқтаждар тізімінде тұр. Отбасы банк өкілдері бұдан былай тізімді тексеру ұдайы жүргізіліп отыратынын айтты. 

Дидар Құлпейісов, «Отбасы банк» АҚ Қолдау басқармасының басшысы:

- Ең жиі кездескен бұзушылықтар ол өз жеке аттарында мүліктерінің болуы. Екінші, басқа мемлекетке тұрғылықты орнын ауыстыру. Одан кейінгі өзгеріс жанұя құрамы, өйткені өзіне қатысы жоқ адамдар жанұя құрамына кіргізілген. Сол корректировка жасалып жатыр. Осындай бұзушылықтар болған, осылардың бәрін реттеп жатырмыз.

Степногорда қайтыс болған 9 адам баспана кезегінде тұрған

Ал Степногорда о дүниелік адамдар тұрғын үй кезегінде есепте тұрған. Бұны прокуратура анықтады. Қаладағы әлеуметтік осал топ санатындағылардың баспана кезегіне талдау жүргізіліп, қайтыс болған 9 адам, қоныс аударғандар және мүлкі барлар анықталып, тізімнен алынып тасталды.

Сондай-ақ оқыңыз: