Павлодардағы түзеу мекемесінен 15 смартфон мен PlayStation табылды
Павлодардағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінен сотталғандарға ұстауға және пайдалануға тыйым салынған заттар табылды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды 24KZ.
Прокуратура қызметкерлері режим талаптарының сақталуын тексеру кезінде 15 смартфон, алты Wi-Fi роутері, сымды және сымсыз құлаққаптар, USB кабельдері, флеш-жинақтауыштар, Sony PlayStation ойын құрылғысы және басқа да тыйым салынған заттарды анықтаған.
Осыған байланысты Павлодар облысының прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы («Салғырттық») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазір тергеушілер тыйым салынған заттардың мекемеге қалай жеткізілгенін және бұған кімдердің қатысы барын анықтап жатыр.