Елде алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер азайды
Елде алаяқтық жолмен рәсімделген несие азайды, деп хабарлайды 24KZ.
Екі жыл бұрын заңсыз жолмен 9 мың несие рәсімделген, биыл бұл көрсеткіш шамамен 2 мыңға азайды, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Несие беру талаптарының қатаңдатылуы, биометриялық сәйкестендірудің енгізілуі және антифрод жүйелерінің дамуы – алаяқтарға тосқауыл қойып жатқан шаралардың бірі. Күшейтілген талаптарға сәйкес несие рәсімдеу кезінде белгілі бір уақыт күту қажет. Сонымен қатар қарызды алу үшін жеке қатысып, жекелеген санаттағы қарыз алушылардың келісімін қосымша растау қарастырылған. Бұдан бөлек, алдағы уақытта банктердің ақпараттық жүйелерін қорғауды күшейтіп, оларға тәуелсіз аудит жүргізу тәжірибесін енгізуді жоспарлап отыр.