Алматыда кісі өліміне қатысы бар төрт күдікті ұсталды

Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша 4 күдікті ұсталды, деп хабарлайды «24KZ»

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылған.

Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда таңғы сағат 4:34–те ер адамның басына пакет кигізіп, ес-түссіз күйде көтеріп әкеткен видеосы тарады.

Сондай-ақ оқыңыз: