Өңірлерде жаңа нысандар ашылды
Елде жаңа өндіріс орындары ашылып, тұрғын үйлер мен спорт кешендері пайдалануға берілді.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдың 13 шақырымы жаңартылды. Жетісу облысының Алакөл ауданында айына 1,8 мың тоннаға дейін өсімдік майын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін шаруашылық ашылды. Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа фабрика жұмысын бастады. Ал Жетісу және Түркістан облыстарында жаңа спорт кешендері бой көтерді.