Алматыдағы жатақхана тапшылығы түбегейлі шешіледі

Елде 2023-2025 жылдар аралығында 31 мың орындық 113 жатақхана пайдалануға берілді.

Нәтижесінде тапшылық 7,5 мың орынға қысқарды. 

Ал нақты Алматыдағы түйткіл 2030 жылға қарай түбейгелі шешіледі, дейді мамандар. Себебі бұл аралықта 20 мың студентке арналған жатақхана салу жоспарланып отыр. 

Жалпы қазір студенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығына ерекше назар аударылады. Қажет болған жағдайда жоғары оқу орындары, хостелдерді жалға алып, онда тек студенттердің тұруын қамтамасыз етеді. Нысандарда қауіпсіздік талаптары арнайы нормативтік құжаттармен реттелген, дейді жауапты министрлік.

Сондай-ақ оқыңыз: