Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты: автобус иесінің жауапкершілігі қайта қаралады
Алматы қаласында қызметтік автобус пен мопедтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан адам қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».
Сот И. және К. есімді жүргізушілерді кінәлі деп танып, жәбірленуші тараптың пайдасына 25 млн теңге моральдық зиянды ортақ тәртіппен өндіру туралы шешім шығарды.
Алайда істі зерделеу барысында келтірілген зиян тек жүргізушілерден өндірілген, ал автобустың иесі серіктестік азаматтық жауапкер ретінде танылмаған. Сондықтан заңнамаға сәйкес, кәсіорын өз қызметкерлерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін ортақ жауапкершілік көтеруге тиіс.
Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот азаматтық талап қою бөлігіне қатысты сот актілерінің күшін жойды. Іс сотталған жүргізушілер мен заңды тұлғаның материалдық жауапкершілігінің мөлшерін айқындау үшін қайта қарауға жіберілді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз