Қызылорда облысында апатты үй тұрғындарына жаңа пәтер беріледі
Биыл Қызылорда облысында апатты үйде тұратын 135 отбасы жаңа баспанаға көшеді.
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінді. Қазір өңірде 69 көп пәтерлі үй апатты жағдайда деп танылған. Ал баспанасы тұруға жарамсыз 673 адам үй кезегіне алынған. Мәселе кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Былтыр 135 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар апатты жағдайдағы 3 үй сүрілді. Жалпы биыл өңірде 6 мыңға жуық отбасын баспанамен қамту жоспарлан.
Жанна Шыныбаева, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:
- Қызылорда облысы бойынша биылғы жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 79,5 миллиард теңге қаржы бөлініп, бұл қаржыға барлығы 5984 пәтер, мысалы, біз 939 мың шаршы метр пайдалануға берсек былтыр, биылғы жылға біз 950 мың шаршы метр пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз.