Батыс Қазақстан университетінде «Кітап оқитын ұлт» марафоны өтіп жатыр

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері әдебиет әлемімен жақынырақ танысты. Білім алушылар мен оқытушылар кітап көрмесін өткізіп, таңдаулы шығармаларды талқылады, деп хабарлайды 24KZ.

Шараның маңызды бөлігі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» туындысына арналды. Студенттер ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, салт-дәстүр мен адамгершілік қасиеттері туралы өзара пікір алмасты. Науқан жастар арасында оқу дәстүрін нығайтуға бағытталған.

Ұлболсын Орынғали, студент:

– Қазіргі таңда Ли Куан Юдің еңбегін оқып жатырмын. Осыған дейін Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме», Сәбин Мұқановтың «Аққан жұлдыз» еңбегін оқып шықтым. Жалпы кітап оқыған ұнайды. Сонымен қатар өзіме көркем әбедиет бағыты өте жақын.

Сондай-ақ оқыңыз: