Алматыда жалған шот-фактура жасаған екі адам сот залында қамауға алынды
Алматыда екі адам 245 млн теңге салық төлемес үшін жалған шот-фактуралар жасаған, деп хабарлайды «24KZ»
Прокуратураның мәліметінше, бір топ адам тиісті тауарларды жібермей, жалған шот-фактуралар жасау ісімен айналысқан.
«Жалған шот-фактураларды жазып беру ісі Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген және оны процестік прокурор сүйемелдеген. Сот екі адамға қатысты ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігімен айыптау үкімін шығарды», – делінген хабарламада.
Сотталушылардың бірі қылмысты ұйымдастыруда, екіншісі көмектесуде кінәлі деп танылды. Олар сот залында қамауға алынды.