Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. LIVE
Бүгін Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл жолы елордаға Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының шаруалары жалпы 1600 тоннадан астам азық-түлік өнімін әкелді. Олар ет және сүт өнімдерін, көкөніс, балық және басқа да азық-түлік тауарларын қолжетімді бағада сатып жатыр.