Оралда қазына қаржысын жымқырудың жолы кесілді

Орал қаласын ауызсумен қамтамасыз ететін «Батыс Су Арнасы» серіктестігінде бюджет қаражатын жымқыруға жол берілмеді, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады. Ведомство мәліметінше, кәсіпорында ауызсуды залалсыздандыруға арналған жабдықтарды жеткізу және орнату бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде заң бұзушылықтар анықталды. Сот-тауартану сараптамасының қорытындысына сәйкес жеткізілуі тиіс жабдықтардың құны нарықтағы бағадан 421 млн теңге жоғары болған.

Лаура Оразғалиева, БҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі:

– Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Лауазымды тұлғаларды ұстап алу жүргізілмеді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің негізгі қызметіне, оның ішінде жұмыскерлердің жалақысын кешіктіруге әсер етпейтінін хабарлаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: