Алматыдағы Юннат көліне 5 мыңға жуық шабақ жіберілді

Алматыдағы Юннат көліне алғаш рет 5 мыңға жуық сазан шабағы жіберілді. «Мамандар бұл балық ірі әрі төзімді», – дейді. Сонымен қатар тұйық суда маңызды санитарлық қызмет атқарады, деп хабарлайды 24KZ.

Су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюін тежеп, көлдің лайлануының алдын алуға көмектеседі. Яғни көл суының табиғи жолмен тазаруына ықпал етеді. Экологиялық шара ихтиофаунаны қалпына келтіруге және сақтауға, биологиялық әртүрлілікті қолдауға бағытталған. Іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Шараны Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы бірлесіп өткізді.

Арман Нүгірбеков, Алматы қалалық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:

– Бұған дейін мұндай балық жіберу іс-шарасы болмаған. Біз бірінші рет жіберіп отырмыз. Алматы қаласының аумағына кіретін көл және суы жерасты табиғи су. Жерастынан өздігінен шығып жатқан және бұл жердің суы осы уақытқа дейін тартылмаған. Ең қолайлы деген осы көл болды.

Самат Махамбетов, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ихтиология зертханасының меңгерушісі:

– Юннат көлін кешенді зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Су жағдайын, балықтардың қорегі болатын организмдерге кешенді жұмыстар жүргіздік. Тек қана өзіміз емес басқа да аккредиттелген лабораториялар бар. Бұдан басқа Іле өзеніне, Қапшағай су қоймасына, Балқаш көліне, Алакөл сияқты барлық көлдерге қазір балықтандыру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: