Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт ашылады

Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған ауқымды жобаның құны – 10 млрд 300 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2028 жылы аяқталуға тиіс. 

Нәтижесінде облыс орталығының индустриялық аймағында 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарататын өндіріс жылына 42 мың тонна дайын өнім шығаруды жоспарлап отыр. «Басты мақсат – қоқыс полигонына тасталатын қалдық мөлшерін азайтып, макулатураны экономикалық айналымға қайта енгізу», – дейді зауыт өкілдері.

Диас Жұмағазыұлы, «Capital Plast Kz» ЖШС бас инженері:

- Тәулігіне 150 тонна, жылына 50 мың тонна макулатура жиналады. Зауыт толық қуатына шыққаннан кейін жылына 42 мың тонна картон және қағаз бұйымдары өндіріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: