Қазақстан мен Мысыр ынтымақтастығы артады

Қазақстан мен Мысыр рухани және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Бұл мәселені Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен «Әл-Әзһар» университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб талқылады. Кездесу Қазақстан делегациясының Мысырға ресми сапары аясында өтті. Тараптар екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жетістіктеріне тоқталды. Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру және Қазақстандағы «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің білім беру саласындағы үлесі де назардан тыс қалмады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тарихи, мәдени және рухани қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға уағдаласты

Сондай-ақ оқыңыз: