Отанға деген сүйіспеншілік неден басталады?

Республика күні таяп қалды. Бұл күн еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануымен тығыз байланысты. Тарихи құжат тәуелсіздікке бастар жолдағы маңызды қадам болды, деп хабарлайды 24KZ.

Дильназ Тұрғазыева, тілші:

– Республика күні ел тарихындағы маңызды дата. Бұл мереке ұлттық құндылықтарды ұлықтап, елдік бірегейлікті нығайта түседі. Ал Отанға деген сүйіспеншілік неден басталады? Ел дамуына әр азамат қандай үлес қоса алады? Мереке қарсаңында осы тақырыпта елорда тұрғындарының пікірін біліп қайттық.

Қоғамның береке-бірлігі мен ел тұтастығы – тұрақты дамудың басты шарттары. «Әлемде саяси шиеленістер күшейген кезеңде татулық пен келісімді басты құндылық ретінде сақтау маңызды», – дейді. Қазақстан халық кеңесінің мүшесі Ермұрат Бапи.

Ермұрат Бапи, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

– Әлемнің көптеген елдерінде қақтығыстар болып жатыр. Жетпістен астам елде кикілжің болып жатыр. Біз осылардың бәрінен адамыз. Басты жетістігіміз ол – қоғамдағы тұрақтылық. Қалай болғанда да халық, қоғам үлкен түсіністікпен, азаматтық сабырмен жан-жақта болып жатқан дүрбелеңдерге араласпай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның дипломатиялық саясатының жетегінде ұйыған тыныштықтың ортасында отырмыз.

Елдің ертеңі бүгінгі ұстаным мен әрекеттен басталады. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан құндылықтарды сақтау, оны келер ұрпаққа жеткізу қоғам алдындағы маңызды міндет. Ал бұл жолда әр буынның өз жауапкершілігі бар.

Авторлары: Дильназ Тұрғазыева, Нұрғали Мамырбаев

Сондай-ақ оқыңыз: