Қазақстанда интернет-алаяқтық 21%-ға азайды

фото: depositphotos.com

Елімізде жыл басынан бері тіркелген интернет-алаяқтық деректері 21%-ға кеміді, деп хабарлайды «24KZ». Сонымен қатар қылмыстарды ашу көрсеткіші 29%-ға артып, ашылмаған істер саны 12 пайызға төмендеген. Бұл туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, полиция полковнигі Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. мәлімдеді.
Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша интернет-алаяқтыққа қарсы жүргізілген ұйымдастырушылық, практикалық және алдын алу шараларының нәтижесінде бірқатар көрсеткіш бойынша оң өзгеріс байқалған.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі байланыс операторларымен бірлесіп, алаяқтардың телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалануына тосқауыл қою жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұдан бөлек, терроризм актілері туралы көрінеу жалған ақпарат тарататын адамдарды анықтау шаралары да жалғасуда.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: