ИКАО сарапшылары Қазақстанның авиациялық қауіпсіздігіне жоғары баға берді
Елордада ИКАО Авиациялық қауіпсіздік апталығы мәресіне жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Сала мамандары дамыған замандағы қауіп-қатерге қарсы тұру, сындарлы сәтте бірігіп, өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ жүк және жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін модернизациялау бағыттарын талқылады. Бұған қоса үш күн бойы панельдік сессияларда тәжірибе алмасты. Ауқымды іс-шара аясында отандық әуе саласына серпін беретін бірқатар келісімге қол қойылды. Апталықты халықаралық сарапшылар қорытындылап, Қазақстанның қазіргі авиациялық қауіпсіздігіне жоғары баға берді.
Лиза Дж. Сетлакве, Канада көлік министрінің қауіпсіздік және қорғау мәселелері жөніндегі орынбасарының көмекшісі:
- Қазақстан мен Канаданың өзара іс-қимыл жасайтын бағыттары мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері жоғары. Қазақстанның авиациялық қауіпсіздігі жоғары деңгейде. Жалпы барлық ел ортақ аспан астында жұмыс істеп келеді. Яғни әуе кеңістігі біздің ортақ аумағымыз. Біз қашан да ИКАО-ның үйлестіруі арқылы байланысымызды нығайтып отырамыз.