Астанада Республика күні қарсаңында жаңа гүлзар ашылды

фото: gov.kz

Елорданың Байқоңыр ауданында Республика күні қарсаңында тұрғындардың демалуына арналған тағы бір орын пайда болды. Кенесары көшесінің бойында, А. Янушкевич пен А. Пушкин көшелерінің арасында жаңа гүлзар ашылды, деп хабарлайды «24KZ».

Астана әкімдігінің мәліметінше, жалпы аумағы 6 600 шаршы метр болатын гүлзарда абаттандыру жұмысы жүргізіліп, шамамен 3 500 шаршы метр жерге брусчатка төселді. Балалардың қауіпсіз әрі белсенді демалысы үшін ауданы 250 шаршы метрден асатын, жұмсақ жабындысы бар ойын алаңы орнатылды.

Жаңа гүлзар таза ауада серуендеуге, отбасымен демалуға және балалардың ойнауына қолайлы орын болмақ. Мұндай қоғамдық кеңістіктер елорданың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға да ықпал етеді.

Айта кетейік, биыл Астананың Байқоңыр ауданында 107 аула абаттандырылып, 4 қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді.

Сондай-ақ оқыңыз: