Қаражалда инвесторға кедергі болған 23 млн теңгелік берешек жойылды
Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен құны 2,5 млрд теңге болатын темір-марганец кенін өндіру жобасын іске асыруға кедергі болған әкімшілік тосқауылды жойды, деп хабарлайды «24KZ».
«Сарыарқа IRON» ЖШС Үлкен Қытай кен орнында инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Сот шешімімен жер учаскесі инвесторға қайтарылды. Бірақ жер қойнауын пайдалану келісімшарты қалпына келтірілгенімен, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының 23 млн теңге көлеміндегі салық берешегіне байланысты учаскені толық рәсімдеу мүмкін болмаған. Сондықтан прокуратураның қадағалау шаралары нәтижесінде заңсыз ауыртпалық алынып, инвестордың құқықтары қорғалды. Осылайша жобаны іске асыруға кедергі болған мәселе шешілді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
.