Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді

Бұдан былай елімізге визасыз келу мүмкіндігі бар шетелдіктер, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстан аумағына кіру үшін электрондық рұқсат алуы тиіс, деп хабарлайды 24KZ.

Жаңа талап биыл қараша айынан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдіктерге электрондық рұқсатты қалай алу керегі түсіндіріледі. Ал 1 шілдеден кейін рұқсаты жоқтар Қазақстанға кіре алмайды. QazETA платформасы арқылы өтінішті елге келуден 72 сағат бұрын жіберу керек. Рұқсат тегін беріледі және 180 күнге жарамды. Тек 16 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқандарға және Қазақстанда уақытша тұруға рұқсаты бар шетелдіктерге жоғарыда айтылған құжат қажет емес.

Сондай-ақ оқыңыз: