Қарағанды облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Қарағанды облысының Көктас ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Енді тұрғындар тұрақты түрде спортпен шұғылдана алады, деп хабарлайды 24KZ.
Аумағы бес жүз шаршы метрден асатын ғимаратта спорттық ойындарға арналған зал, жаттығуға арналған, әкімшілік және шаруашылық бөлмелері жабдықталған. Қазір Қарағанды облысында 1384 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның үш жүзден астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Әсіресе балалар үшін қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Әмір Қаппас, ауыл тұрғыны:
– Қазақ күресіне қатысамын. Мен 2016 жылғымын. Қатысқаныма үш жыл болды. Әлем чемпионы болғым келеді. Жаңадан зал ашып жатыр. Енді осы жерде жаттығатын боламын.