Ташкентте қазақтың ұлттық дәстүрі дәріптелді
Ташкентте Республика күніне орай «Тайқазан» атты мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі бастамасымен өткен шарада қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасы дәріптелді. Жиналғандар «шашу», «беташар», «бесікке салу», «тұсаукесер» сынды дәстүрлердің мән-мағынасымен танысты. Сонымен қатар ұлттық ойындар көрсетіліп, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов тайқазан – молшылықтың, бірлік пен қонақжайлықтың символы екенін атап өтті.