Қазақстанға білікті энергетиктер қажет

Елде білікті энергетик мамандар саусақпен санарлық.

Қазақстан жыл сайын энергия тапшылығымен бетпе-бет келеді. Президент халыққа Жолдауында электр энергиясы саласындағы сапалы кадр мәселесіне тоқталды. «Осы кезеңді шын мәнінде «электр дәуірі» деп айтуға болады. Қазақстан өзінің шикізаттық артықшылығын энергетикалық және технологиялық тұрғыдан өрлеу үшін пайдалануы тиіс», деді Мемлекет басшысы. Саладағы қордаланған мәселелерді атап өткен Президент қыста электр энергиясына сұраныс шарықтайтын кезеңде көрші елдерден қуат көзін қымбат бағамен сатып алуға мәжбүрміз. Ал жазда өзге елдерге энергияны тым төмен бағамен сатамыз, деді.

Алтай Әлімғазин, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Жылуэнергетика» кафедрасының профессоры:

- Бізде магистратура және докторантураны қоса айтқанда, маман мен ғалым даярлаудың толық циклі қалыптасқан. 7-8 жыл бұрын электр энергетикасы мамандығы ашылды. Елде қазір жаңа жылу электр орталықтарын, жаңартылатын энергия көздері нысандарын салу бойынша үлкен міндеттер қойылғандықтан сапалы кадр даярлау мәселесі өзекті. Түлектер жан-жақты білім алып шығуы үшін оқу орындарының материалды-техникалық базасын нығайту маңызды. Кәсіпорындарда практикалық тәжірибеден өту жағын күшейту керек.

Сондай-ақ оқыңыз: