Өскеменде жол айырығы құрылысының 80% аяқталды
Өскеменде ең күрделі жол айырығы құрылысының 80 пайызы аяқталды.
Маңызды инфрақұрылымдағы жұмыс барысымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев танысты. «Екі деңгейлі жол айырық салу туралы шешім бекер қабылданған жоқ» дейді мамандар. Шаһарда кейінгі жылдары тұрғын мен көлік саны артты. Қазір 140 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Қала халқының 40 пайызы өзеннің сол жағалауында тұрады. Жолайырық салынса, 4 көше қиылысатын негізгі тораптың көлік өткізу мүмкіндігі артады. Келесі аптада жолдың Сәтпаев даңғылымен өтетін тармағы қолданысқа беріледі. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жол-құрылысын тездетуді тапсырды.
Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
- Халық көп күткен развязка деп айттыңыздар өткенде, көлік көбейді халық көп. Сіздер енді өздеріңіз бастадыңыздар мүмкіндіктеріңіз бойынша, біз өткенде сіздің өтінішіңізді Үкімет басшысына жеткіздік. Тездетіп екінші жартыжылдықты күтпей қыста да жұмыс жасауға болады ғой, бірақ сапасына ешқандай кедергі болмау керек,өте сапалы болуы керек,алдағы мамыр айында ашу керек.