Елде экспорттағы өңделген өнім үлесі өсті
Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімнің үлесі 54 пайыздан асты. Биылғы сегіз айда еліміз шетелге 3 млрд доллардан астам өңделген ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаған, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға көп. Әсіресе ұн, өсімдік майы және ет өнімдерінің экспорты айтарлықтай артқан. Өсімдік майының экспорты 49, ал сиыр еті 78 пайызға өсті. Саланы одан әрі дамыту үшін құны 4 млрд доллар болатын алты ірі инвестициялық жоба әзірленді. Олардың аясында астықты терең өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашылады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.