Қазтелерадио 4 қарашада профилактикалық жұмыс жүргізеді
«Қазтелерадио» 4 қараша күні профилактикалық жұмыстардың жүргізілетінін хабарлайды.
— Осыған байланысты сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) бүкіл ел аумағында спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтік телевизия мен радио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.