«Ұмай» ипотекалық бағдарламасы бойынша 850 өтінім қабылданды
Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдау аяқталды. Бүгін Отбасы банк жалпы сомасы 20 млрд теңге болатын 850 өтінім қабылдады, деп хабарлайды 24KZ.
Барлық қатысушы несие алуға алдын ала мақұлдау алды. Енді олар бір ай ішінде баспана таңдап, кредиттік өтінім беруі тиіс. Бағдарлама бастапқы және екінші нарықтан баспана сатып алуға мүмкіндік береді. «Ұмай» бағдарламасы бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 14,8 пайызға тең. Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңге. Қатысушы отбасының орташа айлық таза табысы 1 млн 250 мың теңгеден аспауы қажет. Отбасы банк келесі кезеңнің басталу мерзімін қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.