Алматыда жануарларды қорғаушы Владимир Тепляковты өлтірген күдікті ұсталды

ашық дереккөз

Алматы облысында белгілі жануарларды қорғаушы Владимир Тепляковты өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды «24KZ» облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Биыл 7 қазанда ер адамды өлтіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Тергеу аясында ұсталған адамның аталған кісі өлтіру қылмысына қатысы бар-жоғы тексеріліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады полиция өкілдері.

Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Құқық қорғау органдарының түсіндіруінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз: