ШҚО-да 35 ветеринариялық мекеме салынып жатыр

Шығыс Қазақстанда 32 ветеринариялық пункт және 3 станция құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар өлкеде 25 мал қорымы жабдықталуда. «Осылайша, бұл салада бұрын-соңды болмаған жобалар басталды», - дейді мамандар.

Жалпы ветеринариялық қызмет сапасын арттыру мақсатында 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Алдағы уақытта ауыл-аймақта әлі 40-тан астам ғимарат бой көтереді. Яғни бұрын ескі нысандарда еңбек етіп келген мамандар енді санитарлық талапқа сай мекемелерде жұмыс істейді. Материалдық техникалық базаны жаңарту да басты назарда.

Дулат Қожанов, ШҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Былтыр 1,7 миллиард теңгеге материалдық техниканыны жаңартуға 133 бірлік автотранспорт, техника сатып алынған болатын. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Кешенді қолдау ветеринария саласында да жүріп жатыр.  

Сондай-ақ оқыңыз: