Семей жастары мен педагогтері Жолдау бағыттарын талқылап, ұсыныстарын жеткізді

gov.kz

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация, өңір жастары, студенттер және педагогтер қауымдастығымен кездесу өткізді. Сапар барысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы басты бағыттар түсіндіріліп, оны өңірде жүзеге асырудың нақты қадамдары талқыланды, деп хабарлайды «24KZ».

Шара барысында жастардың кәсіби дамуы, кадр даярлау сапасын арттыру және олардың өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуы мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі – экономиканың нақты сұранысына сай білікті мамандар даярлау екені айтылды. Еркін пікір алмасу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстарын ортаға салды. 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов Семей қаласындағы жолдардың жай-күйі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ су және жылу мәселелері әлі де өзекті екенін айтты. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударды. Семей қаласында жолдардың жай-күйі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ су және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері әлі де өзекті. Осыған байланысты Президент мұндай мәселелерді кешенді шешу үшін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлу жөнінде тапсырма берді, – деді Нұртай Сабильянов.

Айрат Базенов инклюзивті білім беруді жүйенің даму деңгейін көрсететін маңызды бағыт ретінде атап өтті. Кездесу соңында өңір педагогтері мен студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Делегация өкілдері түскен барлық ұсыныстардың жинақталып, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданатынын мәлімдеді.

Президент 2026 жылғы 10 қазанға дейін педагогтердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау мәселелері бойынша кешенді ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Мұны аса маңызды қолдау шарасы деп санаймын. Бүгінде елімізде 7 миллионға жуық бала мен оқушы бар. Бұл – халықтың үштен біріне жуығы. Сонымен қатар инклюзивті және арнайы білім беруді қажет ететін балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазір олардың саны шамамен 237 мыңға жетті. Мемлекет әр баланың кедергісіз білім алуына, құрдастарымен бірге оқуына және жеке қажеттіліктеріне сәйкес қажетті қолдау алуына жағдай жасауы тиіс, – деп түйіндеді Айрат Базенов.

Кездесу соңында өңір педагогтері мен студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Жолдауда айтылған педагогтерді қолдау және білім беру жүйесіне ерекше назар аудару шаралары бізге ертеңгі күнге сенім ұялатады. Мұғалім мәртебесін қорғау, артық есептіліктен арылту және инклюзивті ортаны дамыту мәселелерінің Президенттің жеке бақылауында болуы біз үшін өте маңызды. Бұл педагогтерге өз жұмысын сапалы әрі жауапкершілікпен жалғастыруға жігер береді, – деді педагогтер.

Делегация өкілдері түскен барлық ұсыныстардың жинақталып, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: