БҚО-да 36 млн теңге бюджетке қайтарылмақ

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық прокуратурасы 36 миллион теңге мемлекет қаржысының заңсыз иемделгенін анықтады. 

Медицина саласындағы маман тапшылығын шешу мақсатында кейінгі жылдары мемлекет тарапынан дәрігерлерге көрсетілетін қолдау күшейді. Мәселен, шалғай аудандарға жұмысқа барған дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы көтермеақы төленіп, баспана беріледі. Алайда мемлекеттік қолдауға ие болған кейбір мамандар ауылда кемінде бес жыл жұмыс істеу туралы міндеттемесін орындамай, алған қаражатын бюджетке қайтармай кеткен.

Дәулет Ақылбекұлы, БҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Прокуратураның қадағалау актілері негізінде берешекті өндіріп алу туралы  сотқа талап-арыздар берілді. Сот шешімдері мемлекет пайдасына шығарылды. Қазіргі уақытта атқару парақтары мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушыларына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыз: