Қызылорда облысында жүгері кептіру кешені іске қосылды

Нысанда жылына 150 мың тоннаға дейін жүгері тазартылып, сақталады. Бұл – крахмал-сірне зауыты құрылысының алғашқы кезеңі, деп хабарлайды 24KZ.

Жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіпті жаңғырту және өнімді терең өңдеу туралы тапсырмасына сай жүзеге асуда. Кешен жұмысы толық автоматтандырылған. Мұнда крахмал, сірне және құнарлы жем шығарылады. Өндіріс ошағы 550 адамды жұмыспен қамтиды. Заманауи құрылғылар ылғал өнімді жылдам өңдеуге мүмкіндік береді.

Шухрат Құрбанов, «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС директорының орынбасары:

– Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кептіргіш, сақтау және қабылдау бөлімдері бірінші кезеңге жатады. Екінші кезең – жүгері дәнін терең өңдеу зауыты салынады. Бұл жоба негізінен 2029 жылға дейін арналған. Жүгері дәні, терең өңдейміз. 98 пайызға дейін дәнді өңдейміз. Біз зауыт қосылған кезде 20-дан астам зат шығарамыз.

Сондай-ақ оқыңыз: