Ақмолада су тасқынының алдын алуға ₸ 5,5 млрд бөлінді

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5 жарым млрд теңге бөлінді.

 Қаражат Қалқұтан өзенінің арнасын тазартуға, Основное бөгеніндегі шлюз-қақпаларды жөндеуге және Иванковская бөгенін реконструкциялауға жұмсалады. Үш жобаны келер жылдың су тасқыны кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Гидротехника нысандарын жаңартып, өзен арналарын тазарту - тасқын қаупін азайтуға үлкен сеп. Мамандар 9 мыңға жуық тұрғын мен жол қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік болатынын айтады.

Сондай-ақ оқыңыз: