Түркия мен Қатар Ыстамбұлда өзара қорғаныс келісіміне қол қойды
Түркия мен Қатар Ыстамбұлда өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойды.Кездесуді түрік президенті Режеп Тайип Ердоған мен Қатар әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Тани өткізді. Тараптар әскери шарттың егжей-тегжейін әзірге жариялаған жоқ, деп хабарлайды 24KZ.
Түркия президенті кеңсесінің мәлімдеуінше, Анкара мен Доха Таяу Шығыстағы тұрақтылықты сақтау жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастырады. Қос мемлекеттің басты мақсаты – Парсы шығанағы аймағында қақтығыстардың қайта ушығуына жол бермеу және бейбіт диалогқа негіз қалау.