ТЖМ ұшағы Зайсаннан Өскеменге науқасты жеткізді

фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ ұшағы Зайсан – Өскемен бағыты бойынша санитарлық авиация рейсін орындады. Әуе кемесінің бортында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж, 1976 жылы туған науқас болды, деп хабарлайды 24KZ ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

Әуе кемесінің экипажы – ұшқыштар Евгений Шимолин мен Сергей Бондарь санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Күдербаева және Бек Асаубаевпен бірлесіп, рейсті сәтті орындады.

Ұшу барысында медицина мамандары науқастың жағдайын үздіксіз бақылап, қажетті қолдау шараларын жүргізді. Ал ұшқыштар науқасты қауіпсіз әрі жедел жеткізуді қамтамасыз етті.

Өскемен қаласына қонғаннан кейін науқас әрі қарай ем алу үшін тиісті медициналық мекеменің дәрігерлеріне тапсырылды.

ТЖМ авиациясы еліміздің шалғай аудандарындағы тұрғындарға шұғыл көмек көрсетуде, оның ішінде науқастарды санитарлық авиация арқылы тасымалдауда маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыз: