Kaspi.kz: Джеки Чан қазақстандық оқушыларға сабақ берді
Джеки Чан – мұғалім, ал партада – қазақстандық оқушылар. Kaspi.kz жаңа жарнамалық науқанын таныстырды. Балалар әлемге әйгілі жұлдызбен бірге жарнамаға қалай түсті? Бұл туралы деп хабарлайды 24KZ.
Kaspi.kz тағы да таңғалдырды. Жаңа жарнамалық науқанда аты аңызға айналған Джеки Чан, оның ерекше трюктері және қазақстандық оқушылар бой көрсетті. Ал ата-аналар балалардан да қатты толқыды. Өйткені Джеки Чан – олардың бала күнгі кумирі.
Наталья Гафурова, Янның анасы:
– Шынымды айтсам, Янға аздап қызықтым. Ол Джеки Чанмен бірге жарнамаға түскенін айтқанда: «Әттең, неге мен де сол жерде болмадым екен?», - дедім.
Адэль Сарымсақова, Суфияның анасы:
– Джеки Чан сомдаған кейіпкерлер балаларға, болашақ ұрпаққа маңызды құндылықтарды үйретеді. Күшті адам сонымен қатар мейірімді, әділ әрі адал бола алатынын көрсетеді.
Яна Қайназарова, Камилланың анасы:
– Балаңды байқап, осындай ауқымды жобаларға таңдағаны өте қуантады. Бұл – үлкен деңгей, Kaspi деген деңгей.
Балалар үшін бұл жай ғана түсірілім күні болған жоқ. Олар Джеки Чаннан көп нәрсе үйреніп те үлгерді.
Валерия Лазарева, Сандроның анасы :
– Ол әрдайым көңілді кейіпкерлерді саналы түрде таңдап, сомдап келді. Менің ойымша, Джеки Чан – балаларға үлгі болатын тамаша тұлға.
Джеки Чанды қазақстандық Жәкежан мұғалімнің рөлінде Kaspi.kz-тің жаңа жарнамасынан көруге болады.
Автор: Достық Талғатұлы