Агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесі әзірленеді

Елде агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесі әзірленеді. Мемлекет басшысы жауаптыларға осындай тапсырма жүктеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, салаға қолжемді әрі ұзақмерзімді қаржыландыру көзі қажет. Президент қолданыстағы тетіктердің қиындығын айтып, сектордағы цифрландыру бағытын сынға алды.  Енді Үкімет «Бәйтерек» холдингімен және қаржы нарығын реттеуші органмен бірлесіп, келер жылдың бірінші тоқсанында бірыңғай тетікті әзірлеуі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Аграрлық кредиттік корпорация мен «ҚазАгроҚаржының» қолданыстағы инвестициялық құралдары өтінімдерді ұзақ қарайды әрі рәсімделу тәртібі қиын. Сондай-ақ цифрландыру жағы жеткілікті деңгейде емес. Сондықтан Үкімет «Бәйтерек» холдингімен және қаржы нарығын реттеуші органмен бірлесіп, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін ұсынғаны жөн. Әрине, мұны тілек қана емес, тапсырма деп түсініңіздер. Бәріміз бір елде тұрамыз, бір ауамен тыныстаймыз, бір жердің суын ішеміз. Сондықтан табыста аса үлкен алшақтық болмауы керек.

Сондай-ақ оқыңыз: