Елімізде жолаушылар тасымалы 2,9% өсті
Қазақстанда жолаушылар ағыны артып, логистика саласының табысы еселенді.
Жыл басынан бері ел экономикасына жолаушылар тасымалынан 1,4 трлн теңге түсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл елде 1 миллиард 600 млн астам жолаушы тасымалданған. Бұл былтырмен салыстырғанда 3 пайызға көп. Жолаушылардың басым бөлігі көлікпен қатынаған. Одан кейін темір жол және әуемен сапарлауға басымдық берілген.
Автомобиль және қалалық электр көлігі - 1,61 млрд жолаушы
Әуе көлігі - 13,8 млн жолаушы
Теңіз және жағалау көлігі - 46,8 мың жолаушы
Теміржол көлігі - 15,7 млн жолаушы