Тазалық – ішкі мәдениеттің айнасы
Шымкентте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Жиынға психолог мамандар, прокуратура өкілдері мен жүзге тарта студент қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Басқосуда қоршаған ортаны қорғаумен қатар қоғамдық тәртіп пен заң үстемдігі сөз болды.
Жазира Маратқызы, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының инспекторы:
– Бұл кездесудің маңызы жастардың заң алдында өз құқығын қорғау, тазалық мәдениетін арттыру, қаламызды таза ұстау, қоғамдағы этика-эстетикалардың маңызын білдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.