Мәслихат сайлауы: сайлаушылардың 12,31%-ы дауыс берді

Елде мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,31 пайызы дауыс беріп үлгірді. Мұны Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Өңірлер арасында дауыс берушілердің ең жоғары көрсеткіші Ақтөбе облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 16,49 пайызы өз таңдауын жасаған. Қызылорда облысында учаскеге келушілер саны 16,33 пайыз, ал Түркістан облысында 15,32 пайыз болды. Алматы қаласында сайлаушылардың 6,41 пайызы дауыс берсе, Астанада 9,93, Шымкентте 12,67 пайызға тең. Дауыс беру қорытындысы бойынша бұл мәліметтер жаңартылып тұрады.

Сондай-ақ оқыңыз: