Астанада мәслихат депутаттарын сайлауда жастар белсенді
Елордалықтар мәслихат сайлауына белсенді қатысып жатыр.
Әсіресе бірінші рет дауыс берген жастар көп. Мәселен, Астанадағы №106 учаскеде 18-ге енді толған 9 адам тіркелген. Олардың жартысынан көбі сайлау басталған сәтте дауыс беріп үлгірді. Жалпы бұл учаскеде 2 мың 936 сайлаушы тіркелген.