Ақмола облысында 757 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Өңірде 521 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Саяси науқанға қалалықтармен қатар ауыл тұрғындары да белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Абзал Азаматұлы, тілші:

– Біз қазір Көкшетауға 100 шақырым қашықтықта орналасқан Сандықтау ауданындамыз. Аудан орталығы Балкашино ауылында үш бірдей сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Солардың ең үлкені осы біз тұрған нөмірі 603 дауыс беру учаскесі. Мұнда 1323 адам тіркелген. Түске дейін олардың тең жартысы өз таңдауын жасап үлгерген. Жалпы, жергілікті халықтың саяси науқанға белсенділігі ел болашағына бей-жай қарамайтынының белгісі.

Ақтамақ Кәрімжанова, Балкашино ауылының тұрғыны:

– Бүгінгі сайлау науқанына мен де өз дауысымды қосып отырмын. Сондықтан еліме, халқыма дауыс бере отырып, сіздердің де берген дауыстарыңыз еліміздің әрі қарай дамуына нық жол ашады.

Клара Әуезхан, Сандықтау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Таңертеңнен бері жиі-жиі сайлаушылар келіп, өздерінің дауыстарын беріп жатыр. Аудан бойынша бір аумақтық, 37 учаскелік және 11 округтік сайлау комиссиясы қазір жұмыс істеп жатыр. 37 округтің екеуі жабық болып сайланады. Ол аудан ауруханасында, біреуі полиция бөлімінде. Аудан бойынша сайлаушылар саны 11 875-ті құрайды.

Абзал Азаматұлы, тілші:

– Саяси науқанның барысын 700-ге жуық байқаушы бақылап отыр. Оның басым бөлігі – партиялық емес ұйым өкілі. Соңғы мәліметтерге сәйкес ауыс беру барысында әзірге ешқандай заңбұзушылық пен қателіктер анықталған жоқ.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Сондай-ақ оқыңыз: