Қонаев қаласына академиялық қалашық салынады

Өткен жылды Алматы облысы да табысты аяқтады.

9 аудан 1 қаласы бар өңірде өнеркәсіп 7, құрылыс жұмыстары 17% өсті. 12 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал облыс орталығында жаңа инфрақұрылымдық және әлеуметттік нысандар салына бастады. Болашақта Қонаев қаласы елдегі білім мен ғылымның, мәдениет пен туризм орталығына айналуға тиіс. Қалада 180 пәтерлі үш үйдің құрылысы басталды. Жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп салынып жатыр. Жалпы қала солтүстікке қарай өседі. Қазіргі уақытта шахарға барлық мемлекеттік мекемелер қоныс аударып үлгерді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай академиялық қалашық пайда болады. 

Нұрлан Құматаев, Қонаев қаласының әкімі:

- Оған да біз жер қарастырып қойдық. Оның барлығы қазір дайындықта. Жобаның барлығы келекеште қаңтар айында аяқталатын болады. Енді бас жоспарға жасалынған жер аумағы бір мың сегіз жүз гектар жерді алып отыр.